Мұхтар Тілеуберді Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швед тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Дипломаттар өзекті халықаралық проблемалар мен Украинадағы ахуал жөнінде пікір алмасты. М.Тілеуберді Еуропалық одақтың РФ-қа қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін болдырмау жөніндегі ҚР Үкіметінің күш-жігерін атап өтті.
Сонымен қатар тараптар Ұйымның бүгінгі алдында тұрған сын-тегеуріндерді, сондай-ақ Хельсинки Қорытынды актісінің, Астана декларациясының және ұйымның басқа да негізгі құжаттарының қағидаттарына сәйкес ЕҚЫҰ-ды ықтимал реформалау және «қайта жүктеу» жолдарын талқылады.
М.Тілеуберді ҚР Президентінің саяси жүйені демократияландыруға және «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған реформаларымен таныстырды.
Сұхбат соңында министрлер екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады және Стокгольм бастамасын бірлесіп ілгерілетуді қоса алғанда, халықаралық алаңдардағы одан әрі өзара іс-қимылдың басым бағыттарын белгіледі.