Мұхтар Тілеуберді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚХР Елшісі Чжан Сяоны қабылдады.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елші ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Мемлекет басшысының атына қолдау және еліміздегі жағдайдың тез арада тұрақтануына сенім білдіру сөздерімен жолдаған жолдауын жеткізді.

Дипломаттың айтуынша, Қытай тарапы Қазақстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін кез келген күшке қарсы, ал Қытай еліміздің адал досы және сенімді серіктесі болып табылады.

Министр елдегі жағдай және ҰҚШҰ күштерінің қатысуымен жүргізіліп жатқан терроризмге қарсы операция туралы хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы