Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.
Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады.
Екіжақты күн тәртібін талқылау кезінде жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі қаралды, адам құқықтары туралы тақырып бойынша өзара іс-қимылды күшейту бойынша жалпы түсінікке қол жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Астана» клубы легионерлерге айына 70-80 мың еуроға жалақы төлейді – Ерлан Қожағапанов
Келесі жаңалық
Біз тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы