Мұхтар Тілеуберді мен Роберт Флойд 7 тармақтан тұратын мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Роберт Флойдтың бірлескен мәлімдемесі.
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірауыздан жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар күніне орай біз, ядролық сынақтардан азат әлем құруға бейілділігімізді растаймыз және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) күшіне енуіне қол жеткізудегі осы шешімімізді растаймыз.
- 29 тамыз – Қазақстан мен халықаралық қоғамдастық үшін символдық күн болып табылады. Биыл Семей ядролық сынақ алаңының жабылуына 30 жыл толады. Осындай тарихи шешім қуатты саяси сигналға айналды және 1996 жылы ЯСЖТШ-ны қабылдауға әкелген халықаралық күш-жігерге ықпал етті. Ол қабылданған сәттен бастап Қазақстан ЯСЖТШ-ға және оның тексеру тәртібін қалыптастыруға дәйекті түрде елеулі қолдау көрсетті.
- Осы жылы қол қоюға ұсынылған ЯСЖТШ-ның 25 жылдығы атап өтілуде. Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану режимінің негізгі элементі бола отырып, ЯСЖТШ ядролық қарусыз әлемге қол жеткізудің тиімді және практикалық шарасы болып табылады. 185 мемлекеттің қол қоюының және 170 мемлекеттің оны ратификациялауының арқасында ЯСЖТШ-ға жалпыға ортақ сипат беру ісінде елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Оның тексеру тәртібін қалыптастыру жұмысы аяқталуға тәмам. ЯСЖТШ заңдық тұрғыдан әлі міндетті болмағанымен, оған қосылу және ядролық сынақтар жүргізуге қарсы норманы сақтау іс жүзінде жаппай сипатқа ие болды.
- Біз, 2021 жылы XIV бап бойынша өтетін Конференцияны атап өтеміз және оның өткізілуін барлық мемлекеттердің ЯСЖТШ-ның күшіне енуін ілгерілету жөніндегі нақты және үйлестірілген іс-қимылдарға шақыруын қайта бастау мүмкіндігі деп санаймыз.
- Біз, барлық мемлекеттерді 2021 жылғы 8 қыркүйекте Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өтетін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күніне арналған Бас Ассамблеяның жоғары деңгейдегі пленарлық отырысына қатысуға, сондай-ақ осы іс-шараны насихаттау ісіне қатысуға шақырамыз.
- Біз, барлық мемлекеттерді ядролық сынақтарға жарияланған мораторийді әрі қарай сақтауды жалғастыруға шақырамыз. Шартқа әлі қол қоймаған және/немесе ратификацияламаған мемлекеттерді мұны кідіріссіз жасауға шақырамыз. Біз ратификациялары ЯСЖТШ-ның күшіне енуіне қажетті Шарттың 2-қосымшасында санамаланған сегіз мемлекетті халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау үшін осындай маңызды қадамды жасай отырып, ядролық қаруды таратпау және қарусыздануға өздерінің бейілділігін көрсетуге шақырамыз.
- Біз ядролық қарусыздануды ілгерілету және болашақ ұрпақ үшін неғұрлым қауіпсіз әрі сенімді әлем құру үшін Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты қолданысқа енгізетін уақыт жетті деген қорытындыға келдік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарашөкеев: Қаржы бар, қателесуге қақымыз жоқ
Өзгелердің жаңалығы