Мұхтар Тілеуберді Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрімен сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бахрейн тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің м.а. Мұхтар Тілеуберді мен Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид әл-Заяни арасында телефон арқылы сұхбат өтті.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгіме барысында Бахрейн басшылығы мен халқы атынан Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылданған шараларды қолдайтынын атап өтіп, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайындығын растады. Сондай-ақ, елде жуық арада тұрақтылық орнайтынына сенім білдірді.
М.Тілеуберді Қазақстан басшылығы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жағдайды қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырып жатқанын хабарлады.
Тараптар сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оқ-дәрі қоймаларын күзету күшейтілді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы