Бүгiн 2026, 15:26
Фото: adebiportal.kz
Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр
Ақын, драматург, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Шаханов ауруханаға түсті.
Қазақтың ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, 84 жасқа келген қаламгердің денсаулығы сыр беріп, дәрігерлердің бақылауына алынған. Қазіргі таңда емдеу шаралары жүргізілуде.
Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Бүкіл түркі әлемін мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткеннің өзі не тұрады! Ол кісінің елге сіңірген еңбегі өлшеусіз, - деді Нұржігіт Ысқақ.
Еске салайық, Мұхтар Шахановтың жары былтыр сәуір айында дүниеден өткен болатын.
Тағы оқи отырыңыздар: