Мухидин Максутов: Менің қазақ достарым көп

Ұзынағаш Медициналық колледжі 4 курс студенті, мемлекеттік тілді насихаттаушы Мухидин Максутов қазақ достарының көп екенін айтып, мақтанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы «Ассамблея жастары» төрағасы Мухидин Максутов медицина саласында оқып жүрсе де қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Қазақ тілін жетік білетін жас, өзге де этнос өкілдерін тіл үйренуге шақыруда.

Алғыс айту күні жайлы сөз қозғасам, жүрегіме дереу жылулық ұялайды. Бұл күн, меніңше, өмір бойы бізге демеу болған, бағыт-бағдар берген жандарға шынайы ризашылық білдіру үшін арнайы белгіленген. Әкенің дана сөзі мен тәлімінен бастап, жан досыңның қолдауы мен демеуіне дейін – әрбір жақсылық атаулының бағасын білуге шақыратын күн. Алғашында бұл мереке Америкада жаңа жерлерді игерудің сәттілігін атап өту мақсатында енгізілді. Ал Қазақстанда жерінде кейінгі жылдары, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ресми түрде бекітілді. ҚХА еліміздегі түрлі этностарды бір шаңырақ астында біріктіруде маңызды рөл атқарды. Десе де, бұл тек Ассамблеяның ғана емес, әрбір қазақстандықтың ортақ еңбегінің жемісі. Қазақ халқына айтар алғысым шексіз, - дейді М.Максутов

Оның айтуынша, атаулы мерекеде барша ел бір-біріне ізгі тілегін жеткізген абзал. Бұл өзге де этнос өкілдерін жақындастыра түседі.

Мен елімізде татулық пен тыныштықты сақтауға үлес қосқан барша Қазақстан азаматтарына шынайы алғысымды білдіремін. Осылайша, бұл ерекше күн – бізді жақсылықты бағалауға, ризашылық танытуға үндейтін жарқын мереке деп санаймын. Бір-бірімізге деген құрметіміз ешқашан таусылмасын. Қазақ халқы дами берсін, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Жастардың отаншыл сезімі өшпесін, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: кейіпкер мұрағатынан
Өзгелердің жаңалығы