Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аңызға айналған ауыр салмақтағы боксшы, әлем чемпионы Леон Спинкс 67 жасында АҚШ-та көз жұмды.
Бес жыл бойы қатерл ісікпен күрескен боксшы жұма күні Лас-Вегаста бақилық болды. Өмірінің соңғы минуттарында оның жанында жақын достары мен жары Бренда Глур Спинкс болған.
Леон өз дерітмен соңғы демі қалғанша күресті, ауру жанына қанша батса да жүзінен риясыз күлкісі кетпейтін. Спинкстерге тән табандылықпен ол ешқашан орамалын жерге тастаған емес, -деді оның жары.
Спинкстер АҚШ-тағы боксерлердің белгілі әулеті. Оның негізін қалаушы 1970. 80 жылдары әлем чемпионы болған ағайынды Леон мен Майкл. Леон WBC және WBA титулдарын 1978 жылы Мұхаммед Әлиді жеңген кезде ие болған. Алайда ол бұл титулды тек жеті ай бойы ғана иеленді.