Мұхамедиұлының соттағы соңғы сөзі: Тіпті ату жазасына да дайынмын, тек ақша жымқыру емес

Мәдениет және спорт экс-министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотында соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Байқоңыр аудандық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот отырысы өтті.

Сотта бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлы соңғы сөзін айтты.

Құрметті сот! Мен кез келген жазаға, тіпті ату жазасына да дайынмын, бірақ ақша жымқырғаны үшін емес. Қазақта «Өлімнен ұят күшті» деген мақал бар, - деді ол.

Еске сала кетсек, былтыр 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Антикор Ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып таққан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы