Мүгедектікті белгілеу бойынша 51 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

Енді мүгедектік тобын рәсімдеу бұрынғыға қарағанда жеңілдейді. Биыл іске қосылған пилоттық жоба аясында медициналық-әлеуметтік сараптама сырттай форматта жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 51 мыңнан астам өтінім қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл емханаға барып тексеруден өткеннен кейін, қалған процестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде жүзеге асады деген сөз. Сараптама бүгінде 30 түрлі диагноз бойынша жүргізіледі. Жоба мүгедектігі бар азаматтар үшін қағазбастылықты азайтып, қызметті үйден шықпай алуға мүмкіндік береді.

Бұл жоба ең алдымен азаматтардың уақытын үнемдеуге, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын арттыруға бағытталған. Бұрын адам өзі барлық инстанциялардан өтіп, анықтама жинаса қазір көп процестер цифрлы жүйе арқылы жүреді. Бұл әсіресе қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін өте маңызды қадам деп есептейміз, – дейді ҚР ЕХӘҚМ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу жене бақылау комитеті басқармасының бас сарапшысы Бекзат Әшімов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы