«Мүгедектік зейнетке шығарып беремін»: Түркістан облысында 2 әйел алаяққа алданып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында екі әйел мүгедектікке шығу үшін алаяққа бір миллион теңгеден астам ақша беріп, алданып қалды.

Қазығұрт ауданы ПБ-ға алаяқтың арбауына түскен екі бірдей тұрғын арызданып келген. Олардың айтуынша, сырттай танысы «мүгедектік зейнетке шығарып беремін» деп, алаяқтық жолмен ақшаларын алып, бір жылдан астам уақыт алдап жүрген. Жәбірленуші әйелдерге келтірілген жалпы шығын көлемі бір миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді. 

Аудандық сақшылар хабар алысымен күдіктіні анықтауға бірден кірісті. Ауыл тұрғындарынан жауап алып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті әйел тұрғын ұсталды. Оның бұдан алдын да сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті әйел алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Түркістан облысының полицейлері алаяқтардан сақ болуға шақырады. Жақын таныс емес адамға көп мөлшердегі ақшаны сеніп тапсырмауға кеңес береді. Егер де сіз осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, уақыт оздырмай бірден полицейлерге “102” телефоны арқылы хабар беріңіз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы