Мүгедектігі бар балалардың саны неге артқан? - Бектенов министрден сұрады

Елімізде осы уақытқа дейін 201 туа біткен аномалиясы бар жүктіліктің алдын алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақта министріне “Елімізде мүгедектігі бар балалардың саны өсіп барады. Себебі қандай, не істейміз?” деп сұрақ қойды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова соңғы 3 жылда балалар арасындағы мүгедектік 11%-ға өскенін айтты. Өсу себебінің бірі – ерте диагностикалық әдістерінің қайта қаралуы.

2021 жылдан бастап аутизмге байланысты жаңа скрининг енгізілді. Осыған қарамастан әлі де мәселелер бар. Бұл - туа біткен аномалияның әлі де жоғары болуы. Қазіргі таңда 10 өңірде жүкті әйелдерді бір күндік клиникалар арқылы генетикалық және туа біткен ақауларды ерте анықтау жұмысы басталып кетті. Осыған уақытқа дейін 23 мың әйел тегін толық қаралды. Барлық аймақтан келіп, сол жерде әйелдер бір күнде генетикалық, ультрадыбыстық және басқа да зерттеулерден өтуге мүмкіндік берілген. Осы уақытқа дейін 201 жүктілік яғни туа біткен аномалиясы бар жүктіліктің алдын алынды. Осындай жұмыстар жалғасады, – деді Әлназарова.

Ведомство басшы Ғылым министрлігіне ұсынтастар жолдағанын айтады.

Мүгедектік көрсеткішінің өсу себебіне байланысты біз ғылыми жобаларға 2025-2027 жылдарға Ғылым және жоғары білім министрлігіне тиісті ұсыныстарды жолдадық. Олар қолдау тапса, келесі жылы мәселе ғылыми тұрғыда зерттеледі, – деді Әлназарова.

Премьер-министр Олжас Абайұлы ерте диагностикалау өте маңызды екенін айтып, сол бағыттағы жұмысты күшейтуды тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін Еңбек министрі елімізде мүгедек балалардың саны өсіп бара жатқанын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы