Бүгiн 2026, 09:40 Фото: Үкімет

Мүгедектігі бар адамдардың 30%-ы ғана жұмыс істейді – министр

Инклюзивті жұмыспен қамтуды дамыту басты басымдық болады.

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев инклюзивті жұмыспен қамтуды дамыту негізгі басымдықтардың бірі екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Инклюзивті жұмыспен қамтуды дамыту басты басымдық болады.

Өткен жылы еңбекке қабілетті 413,7 мың мүгедектігі бар адамның 110,8 мыңы (30%) жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 25 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылған. Жұмыс орындарын квоталау шеңберінде 8 мыңнан аса адам жұмысқа орналасқан, – дейді ол.

Жұмыспен қамтылғанның басым бөлігі Ұлытау (2,9 мың адам немесе 44,5%), Қарағанды облыстарында (16,7 мың адам немесе 38,5%) және Астана қаласында (13,2 мың адам немесе 38%) байқалады.

Жұмыспен қамтылғандар үлесінің төмен көрсеткішін Түркістан (42,1 мың адам немесе 77%), Жамбыл (17,3 мың адам немесе 75,7%) және Абай облыстарында (8,6 мың адам немесе 75,7%) көруге болады, – дейді Ертаев.