10 Шілде 2026, 23:46
Фото: gov/kz
Мүгедектігі бар адамдар енді пойыз билетін онлайн сатып ала алады
2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар поездарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылған.
І топтағы мүгедектігі бар адамдар бұдан былай арнайы орынға билет рәсімдеу үшін теміржол кассаларына бармай-ақ, онлайн билет сатып ала алады.
Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, 2026 жылдың маусымынан бастап әлеуметтік маңызы бар поездарда арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі іске қосылған. Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмаған.
Бұл ҚТЖ электрондық билеттер жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграциялаудың арқасында мүмкін болды. Нәтижесінде аталған санаттағы 90 мыңға жуық адам теміржол билеттерін онлайн сатып алу мүмкіндігіне ие болды, - делінген хабарламада.