Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 214 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын, 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметін, 32,5 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 48 мыңға жуық санаторлық-курорттық ем алды. 

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 865 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 151 ОТҚ жеткізуші, 14 мыңнан астам жеке көмекші, 256 ымдау тілін қызметін, 70 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Қолдауға арналған байланыс орталығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.

 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қар жауды
Өзгелердің жаңалығы