27 Мамыр 2025, 00:32
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі
Мүгедектерге арналған орындарды заңсыз сатқан: ҚТЖ жолсеріктерді жұмыстан шығарды
Алматы-2 вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарды заңсыз сату фактісі тіркелді.
Алматы-2 вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындарды заңсыз сату фактісі тіркелді. Сонымен қатар, пойыз тамбурында темекі шегу әрекеті де болғаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚТЖ-ның ішкі қызметтік тергеуі нәтижесінде аталмыш пойыздың жолсеріктері жұмыстан шығарылды. Ал пойыз бастығына қатаң сөгіс жарияланды, - делінген хабарламада.
Компания өкілдері пойыздардағы заңсыз әрекеттерге "нөлдік төзімділік" саясаты ұстанылатынын баса айтты.
ҚТЖ алдағы уақытта мұндай тексерулерді барлық жолаушылар пойыздарында жүйелі түрде жүргізетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, азаматтарды билетсіз тасымалдау, орындарды заңсыз сату немесе қайта сату фактілерін фото, видео, аудио материалдармен бірге WhatsApp нөмірі +7 (776) 714-56-86 немесе @jolaushylar_tasymaly парақшасының direct бөліміне жолдауға шақырды.
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15
- Сарапшы: Трамптың құттықтауы АҚШ-тың Қазақстанға ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді 15:55