Мүгедек жігітке мәжбүрлеп несие алдырып, артынан пышақтап кеткен

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 19 жасар мүгедек жігітке мәжбүрлеп несие алдырып, артынан пышақтап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желідегі тараған ақпараттарға сүйенсек, қанды оқиға 20 ақпан күні болған. 19 жастағы жігіттің мәйіті көшеде екі күн бойы жатып қалған. Ал мәйітті ауыл шопыры тауып алып, полицияға хабар берген. Бейресми ақпараттарда күдіктінің әскери адам болғаны айтылған. 

Сондай-ақ, қылмыс орын алмас бұрын жәбірленуші жігітке мәжбүрлі түрде несие алдырған. Оқиғаның мән-жайын білу үшін ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімінің бастығы, подполковник А. С. Белібаевқа хат жолдадық. Онда аталған жағдайға қатысты күдікті ұсталғанын, қазіргі танда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізген.

Қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігімен көзделген адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталды және күдіктіге қатысты тергеу соты 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді – делінген хатта.

Айта кетейік, қазір оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін офицер жас жігітті 14 рет пышақ сұғып өлтірді деген ақпарат тараған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы