Мүгедек таксисті алдап, ақшасын төлемей кеткен жолаушы ұсталды

22 жастағы жолаушының бұрын да алаяқтық жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, полиция такси жүргізушісіне жол ақысын төлемеген жолаушыны анықтады.

Интернетте елорда тұрғыны жариялаған видео кең тарады. Ол бейтаныс жігіттің әкесін алдағанын, бизнес-такси қызметіне тапсырыс беріп, қаланы аралағаннан кейін ақшасын төлемей кеткенін баяндаған. Полиция көп ұзамай жолаушыны анықтады. Ол келтірілген залалды толығымен өтеп, кешірім сұрады. Жәбірленуші тарап арыздан бас тартты, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, такси жүргізушісі тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скриншот
Өзгелердің жаңалығы