Мұғалімнің мәртебесін елемейтін облыстар анықталды

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров “Педагог мәртебесі туралы” жиналыста мұғалімнің мәртебесін бұзып жүрген өңірлерді атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет осы жылдың шілде-тамыз айларында педагогтер арасында “Педагог мәртебесі туралы” заң нормаларының сақталуы туралы қысқаша анонимді сауалнама жүргізген.

Респонденттер “Педагог мәртебесі туралы” заң нормаларының бұзылу фактілері бар деп жауап берген. Олардың ең көп үлесі Павлодар, Түркістан және Алматы облыстарында, - деді Серік Әшіров.

Оның айтуына қарағанда, сауалнама нәтижелері педагог мәртебесін қорғау мәселесін шешу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін айқын көрсетіп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы