Бүгiн 2026, 14:17 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мұғалімді "жемқор" деп айыптаған Тараз тұрғынына айыппұл салынды

Әйел мұғалімді «өсек айтумен айналысатын, тәрбиешілерге жала жабатын және ірі көлемде ақша жинайтын жемқор» деп атаған.

Жамбыл облысында сот сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған мұғалімнің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде әйелдің мектеп директорына шағымдануынан басталған.

Өз өтінішінде ол мұғалімді «өсек айтумен айналысатын, тәрбиешілерге жала жабатын және ірі көлемде ақша жинайтын жемқор» деп атаған.

Соттың баспасөз қызметі нақтылағандай, мектепте ішкі тергеу жүргізілген. Арызда көрсетілген деректер расталмаған. Сонымен қатар, сот сараптамасы бұл мәлімдемелердің жағымсыз сипатта екенін және талап қоюшының беделіне нұқсан келтіретінін анықтаған.

Сот талап қоюшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы және ақша жинау туралы ақпараты шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді. Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 100 мың теңге көлемінде моральдық зиян өтелді, – деп хабарлады Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі.

Шешім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада оқушыны ұрып жіберген мұғалім жұмыстан шығарылды