Мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туылған оқушы мұғаліммен қатты дауыспен балағат сөздер айтып сөйлескен.
Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған.
Бүгінде оқушыға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған.
Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды.