Мұғалімдерге үстемеақы төлемеген. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды

Елорда прокурорлары қала мектептерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеріспен ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес педагогтар мен техникалық персоналға, сондай-ақ Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 2 млн теңгеден астам сомаға үстемеақы төлемеу фактілері анықталды, - делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Басқа жағдайда, 7 мектептерде қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі үшін қаржыландыру көзделмеген және тиісті медициналық ұйымдармен шарттар жасалмаған.

Қадағалау актісі бойынша мұғалімдердің конституциялық құқықтары қорғалды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы