Мұғалімдерге сыйақы қандай жағдайда беріледі? Министрлік түсіндірді
Сыйақыны әкімдіктер төлейді.
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында өткен брифингте мұғалімдерге сыйақы қандай жағдайда берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Білім беру ұйымдары жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен қаржыландырылады. Осыған байланысты сыйақы төлеу мәселесі тиісті білім беру ұйымының қаржылық мүмкіндігіне байланысты шешіледі, - деді вице-министр.
Сонымен қатар №1193 қаулыға сәйкес, сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемақылар белгілеу тиісті шығыс түрлері бойынша үнемделген қаражат есебінен беріледі.
Сол себепті барлығында міндетті түрде бірдей төлем болып есептелмейді. Бұл үнемделген қаражат жергілікті атқарушы органдарда немесе білім беру ұйымдарында болған жағдайда төлейді, - деп түсіндірді Ақпарова брифингте.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында мұғалімдерге қолдау көрсетілетіні хабарланды. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сынып оқушыларының білімін бағалауға жаңа тәсіл енгізіледі. Жүйеде формативтік және аралық бағалау сақталады, ал педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріледі.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда оқушыға да, мұғалімге де сыйақы беріледі: Оны қалай алуға болады?