Мұғалімдерге сынып жетекшілігі үшін қанша төленеді?

Сынып жетекшілеріне қосымша ақы қашан және қандай көлемде төленеді? Осы сұраққа жауап алу мақсатында BAQ.KZ тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне ресми сауал жолдаған болатын.

Министрліктің берген ресми жауабына сәйкес, қазіргі таңда қолданыстағы азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесіне сай, сынып (топ) жетекшілігі үшін базалық лауазымдық айлықақыдан (БЛА) белгілі бір пайызда үстемақы төленеді. Атап айтқанда:

  • 1–4 сыныптар үшін – БЛА-ның 50%-ы,
  • 5–11 сыныптар үшін – БЛА-ның 60%-ы,
  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – БЛА-ның 50%-ы көлемінде қосымша ақы қарастырылған.

Бұған дейін депутаттар осы мәселеге қатысты Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдаған болатын. 

Үкімет басшысының жауабында мұғалімдерге сыныпты басқарғаны үшін төленетін ақысы кезең-кезеңімен көбейтілу мәселесі қарастырылып отырғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы