Мұғалімдердің іссапар шығынын кім төлейді?

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев педагогтердің әртүрлі деңгейдегі семинарлар мен конференцияларға қатысқан кездегі шығындарын кім өтеуге міндетті екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Педагогтер өзінің қызметі барысында түрлі семинарлар мен конференцияларға қатысады. Мысалы, әдістемелік бағыттағы шаралар өтуі мүмкін. Егер бұл іс-шараны мемлекеттік мекеме ұйымдастырса – мысалы, Әдістемелік орталық, “Өрлеу” біліктілік арттыру орталығының өңірлік филиалы немесе Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырса, іссапар шығындары толығымен жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс, – деді Жұмашев.

Ол атап өткендей, бұл шығындар мектептің немесе аудандық не қалалық білім бөлімінің бюджеті арқылы төленуі керек.

Егер төленбеген жағдайлар кездессе, бізге хабарласуға болады, біз тиісті шараларды қабылдауға дайынбыз, – деді комитет төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы