Мұғалімдердің еңбек демалысы қалай есептеледі?

Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің жыл сайын еңбек демалысы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Педагог мәртебесі туралы» заңның 8-бабына сәйкес педагогтерге нормативтік жүктеме берілген. Яғни тариф бойынша сағаттары тарифтеуден өтетін мұғалімдер олардың еңбекақысын есептеу алгоритміне штаттық қызметкерден бөлек болады. Нақты тоқталып өтсек. «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес педагогтерге ұзақтығы 56 күн еңбек демалысы беріледі. Сондай-ақ бір лауазымдық еңбекақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы беріледі, - деп атап өтті Оқу-ағарту министрлігі еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова ведомствода өткен кеңесте.

Сонымен қатар ол заңға сәйкес нормативтік жұмыс жүктемесі бекітілген ұстаздардың лауазымдық жалақысы қалай есептелетінін айтты.

Олардың лауазымдық жалақысы демалысқа шыққан кездегі нақты жүктемеге лауазымдық жалақысын көбейті және нормативтік оқу жүктемесіне сол туындыны бөлу жолымен есептеледі. Еңбек демалысының ұзақтығы мұғалімнің демалысқа шыққан сәттегі нақты атқарған уақыт кезеңі бойынша анықталатынын ескеру керек. Еңбек демалысының төлемі демалысқа шыққанға дейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде аударылады. Ал егер педагог демалысқа кесте бойынша шықпайтын болса, демалысы басталған соң үш күннен кешіктірілмей түсуі тиіс, - деп түсіндірді Гүлайым Тоқпанова.

Айтуынша, еңбек демалысын ұсыну мен демалыстың, емдеу жәрдемақысының төлену тәртібі министрліктің сайтында бар. 

Яғни, Еңбек кодексіне сәйкес, педагог жұмысқа қыркүйек айында орналасса, іс жүзінде тура 9 ай жұмыс істесе, демалыс күндері былай есептеледі. 56 күнтізбе күні 12 айға бөлініп, іс жүзінде жұмыс істеген 9 айға көбейтіледі. Осылайша, 9 ай жұмыс істеген мұғалім 42 күнтізбе күніне еңбек демалысына шығады. Ал мәселен, педагог жұмысқа қаңтар айында кірді делік. Оған тура 5 ай жұмыс істегені үшін демалыс беріледі. 56-ны 12-ге бөліп, 5-ке көбейтсеңіз, 24 күн шығады. Жұмыс істегеніне 1 жыл толмаған мұғалімдер толық 1 жылға берілетін 56 күн еңбек демалысының қалған күндерін толық бір жылдан соң алуға құқылы. Қалған күндер күйіп кетпейді деген сөз, - деді ведомство өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы