Мұғалімдердің биылғы жалақысына қанша қаржы жетіспейтіні айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев БҒМ аппарат жиналысында облыстағы білім саласы бойынша дайындаған баяндамасында айтып берді.
Ол орта білімдегі қаржы тапшылығына қатысты баяндама жасады.
Мұғалімдердің 2019-2020 жылғы жалақыларына 12,8 млрд теңге қаржы жетіспеуде. Оның 5,4 млрд теңгесі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан қолдау тауып, Қаржы министрлігіне жеткенімен әлі қолдау көрсетілмеді. 3,8 млрд теңге облыстық бюджеттен қарастырылуда және 3,6 млрд теңгені аудан, қала әкімдіктері бюджетті басқа мақсаттарға жұмсау нәтижесінде туындап отыр. Бұл бойынша облыс әкімі ақшаны қайта орнына қоюға тапсырма берді. Келесі жылы аудандық білім бөлімдері басқармаға өткен жағдайда мұндай мәселе туындамайды деп есептейміз, - деді Жолаев.
Сонымен қатар, ол қаржы тапшылығының тағы бір мәселесіне тоқталды.
Облыстағы оқушылардың контингенті 18,3 мыңға өсіп, сынып комплектілері 874-ке артқан. Бұл бойынша да қаржы тапшылығы туындап отыр, - деп атап өтті Түркістан облысы Білім басқармасының басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы