Мұғалімдерді көше сыпыруға мәжбүрлеу тоқтатылды – Аймағамбетов

Аймағамбетов “Педагог мәртебесі туралы” заң аясында мұғалімдердің құқы қалай қорғалып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжбүрлі түрде газет-журналдарға жазылу, көше сыпыру, шексіз есеп беру міндеттері заңмен тоқтатылды. Тіпті бүгін, осындай жағдайлар болса, оған қоғамның өзі қарсылық танытып, резонанс тудыратын жағдайға келдік, - деді ол.

Сонымен қатар бұрын мұғалім мамандығын түлектер амалсыздан, абыройлы мамандықтарға түсе алмағанада ғана таңдайтын. Ал қазір ол беделді мамандықтың қатарына кірді.

Енді бұл мамандыққа ең мықты түлектер түсіп жатыр. Мысалы, педагогикаға түсетін талапкерлердің орташа балы 55-тен 100 баллға дейін көтерілді. Педагог мәртебесін көтеру - Президенттің маңызды реформасы, әрі балалардың жарқын болашағына деген айқын қадам, - деп айтты Асхат Аймағамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы