Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырамыз – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Мемлекет басшысы пандемия кезінде қашықтан оқыту ұлттық телекоммуникациялардың тиімділігі қажетті деңгейде емес екенін көрсеткенін айтты.Биылғы қаңтардан бастап педагогтердің жалақысы 25 пайызға артты. Алдағы үш жылда бұл мақсатқа 1,2 трлн теңге бағыттаймыз. Бұл шаралар жемісін беріп жатыр. Педагогика мамандығына түсудің балы артты. Мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырамыз. Жаһандық өзгерістерге сәйкес, түлек оқу аяқтағанша нарықтағы жағдай өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан жауапты министрлік жаңа жағдайға оқу бағдарламасын бейімдеуі қажет, - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.Бұл оқушылардың базалық білімді білмейтінін көрсетті. Балалар оқуды тастап кетіп жатыр. Себебі онда қажеттілік жоқ деп есептейді. Үкімет бұл мәселеге кірісуі керек. Қашықтан оқытуға барлық жағдай жасауы керек. Біздің білім беру жүйесі онлайн да қолжетімді болуы тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.