Мұғалімдерді «қара жұмысқа жегу» қашан тоқтатылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында білім беру процесіне қатысты брифинг өтті.
Елімізде мұғалімдердің мәртебесін көтеру үшін тиісті заң бар. Алайда заңға бағынбай, ұстаздарды артық жұмысқа жегу тоқталар емес. Министр бірнеше күн бұрын мұғалімдерге көше сыпыртқандар туралы да жазды. Енді мұғалімдеріміз тікелей өз міндеттерімен ғана қашан айналысады? Неліктен білім басқармалары тиісті тапсырманы орындамай отыр? – деп редакциямыз БҒМ өкілдеріне сауал жолдады.
Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова мұғалімдердің мәртебесіне қатысты сұраққа былай деп жауап берді.
«Педагог мәртебесі туралы» Заң 2019 жылы қабылданған. Осыдан бері БҒМ бұл бағытта жұмыс істеп келе жатыр. Жергілікті жерлердегі білім сапасын қамтамасыз ету департаменттері жұмыс істеп істеуде. Осы уақытқа дейін 200-ден аса әкімшілік іс қозғалып, заңбұзушылыққа жол берген тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады, - деп түсіндірді Каринова.
Еске сала кетейік, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында Семей қаласында оқу процесіне кедергі келтіріп, мұғалімдерді көше сыпыруға жібергендер туралы жазған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы