Мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеруге 1 трлн теңге жұмсалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Парламент Сенатының отырысында "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы қаралды.
Негізгі өзгерістер – мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлерінің жалақысын ұлғайтуға 3 жылға 1,1 трлн теңгеден астам сома көзделеді. Микро және шағын бизнесті табысқа салынатын салық төлеуден босатуды ескере отырып, субвенциялар және алып қоюлар көлемі өзгертілді. Салықтық түсімдерді ұлғайту, шығыстарды оңтайландыру, жалпы ішкі өнімге пайыздық арақатынасын сақтай отырып, бюджет тапшылығын ұлғайту, осы өзгерістерді енгізудің көзі болды, - деді ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов.Министр бюджет жобасын қарау барысында Парламент депутаттарының ұсыныстары бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар түзетулер ескерілгенін айтты.
Қосымша ауылдық елдімекендерді таза ауыз сумен, су бұру, газдандыру қызметтерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы объектілерін және көлік инфрақұрылымын дамытуға қаражат көзделген. Депутаттар ұсыныстарының бір бөлігі ішкі қайта бөлу есебінен бюджетті іске асыру туралы қаулы дайындау кезінде ескерілетін болады, - деді Смайылов.Осыған дейін ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі айқындалғаны туралы айтты. Сондай-ақ, министр 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасады. Бензинге салынатын акциз құны 10 теңгеге қымбаттайтыны да айтылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында 7 автокөлік соқтығысты
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы