Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы өсті

Бұл туралы Мәжілістің пленарлы отырысында төраға Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңін талқылап жатыр.

Депутаттық корпус қатыспаған бірде-бір қоғам саласы жоқ десе де болады. Бірлескен күш-жігерінің арқасында депутаттар Мемлекет басшысы көтерген көптеген әлеуметтік маңызды мәселені шешуге қол жеткізіп жатыр. Айталық, мұғалімдердің, дәрігерлердің жалақысы, студенттердің стипендиясы өсіп жатыр, - деді Қошанов.

Ол атап өткендей, дарынды балаларға, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысушыларға төлемдер заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар ел тарихында алғаш рет жалпы денсаулық сақтау шығындары ішкі жалпы өнімнің 4 пайызына жетті. Дәрігерлерді ауылда жұмыс істеуге ынталандыру жүріп жатыр. Олар 9 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы алады.

Онкоскринингтерді тегін медициналық көмекке қосу үлкен жетістік болды, ол 3,5 миллион адамды қамтиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы