Мұғалімдер ереуілі 3 аптадан астам уақытқа жалғасып жатыр

Румыния мектептеріндегі қорытынды емтихандар мұғалімдердің ереуіліне байланысты екі күнге шегерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқытушылар үкіметтің штаб-пәтерінің алдына жиналып, жалақыны көтеруді және білім беру саласына қолайлы жағдай жасауды талап етті. Еске салпйық, рреуілдің басталғанына үш аптадан астам уақыт өткен.

Үкіметтегілер келесі жылдан бастап білім беру қызметкерлерінің жалақысын көтеруге кепілдік беретін меморандум қабылдады. Бірақ кәсіподақ оны жеткіліксіз деп санайды.

Емтихандар дүйсенбіде, 12 маусымда басталуы керек еді, бірақ енді олар 14-23 маусым аралығында өтеді, деді Румынияның білім министрі Лигия Дека.

Мұғалімдердің айтуынша, олар айына шамамен 480 еуро алады, ал бұл елдегі бекітілген орташа жалақыдан екі есе төмен. Мектептерде маман тапшы. Себебі азғантай жалақыға жастар жұмыс істегісі келмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы