Мұғалімдер 45 минуттық сабаққа кем дегенде 45 минут дайындалуы керек – Аймағамбетов

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясының панельдік сессиясында айтты,деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Университетте дайындалып, оқыған маңызды. Қазіргі уақытта мектепте жұмыс істеп жатқан әріптестерімізді біліктілікті арттыру орталықтарындағы курстарға барып оқытқан маңызды. Бірақ өте маңызды бір мәселе бар. Ол педагогтердің бір-бірімен қарым-қатынас орнату, өзінің сабағын зертеу арқылы біліктілігін арттыру мәселесі. Осы бағытта бізде үлкен проблема бар.Оны мойындауымыз керек, - еді ол. 

Аймағамбетов атағандай, 1868 жылдан бастап дамыған елдерде бұл жақсы қалыптасқан. 

Қазір оны барлық оқулықтың мазмұнына енгізіп, педагогикалық университеттерге міндеттеп жатырмыз. Себебі ең алдымен мұғалімдер өздерінің жұмысын өздері зерттеп, дайындық жұмысын жақсы жолға қоюы керек. Мысалы, 45 минут сабаққа дайындалу мәселесі кем дегенде 45 минут алуы керек. Ал оған мұғалімдер дайындалып жатыр ма осы мәселені зерттеуіміз керек, - деді Аймағамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы