Мұғалім питонды ұстап алып, балаларды аман алып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индонезияның Сулавеси провинциясында мектеп мұғалімі алып жыланды қолымен ұстап алып, қорқып қалған балалардың көзінше мектептен тыс жерде алып шықты, деп хабарлады AsiaOne ақпарат порталы.
Оқыс оқиға 9 тамыз күні жергілікті орта мектепте болған.
Путу Аю (Putu Ayu) мұғалімнің сөзінше, екіметрлі питон мектеп ғимаратына сабақ кезінде кіріп кеткен. Қорыққан балаларды тыныштандыру үшін, әйел қолымен жыланды ұстап алған.
«Мен жыланды бірінші рет ұстап тұрмын. Бұны балалар дүрлігіп кетпес үшін істедім», - деп түсіндірді ол.
Оның айтуынша, питон қарсылық көрсетпек болған. Алайда, мектептің басқа мұғалімдері мен батыл оқушылары оған жыланның аузын байлап тастауға көмектескен.
Мұғалім мектеп ғимаратына бауырымен жорғалаушылар жиі кіріп кететінін атап өтті.
Жергілікті тұрғындар питонды тұрғын үйлерден алыс жерге апарып тастады.
Жыланды ауыздықтау кезінде адамдар да, питонның өзі де зардап шеккен жоқ.