Мүфтият: Діни сұрақтарға ChatGPT жауап бермеуге тиіс

ChatGPT-дің діни мәселелерге қатысты жауап беруі дұрыс емес. Бұл туралы Өзбекстан Мұсылмандар басқармасының пәтуа орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі gazeta.uz-ге сілтеме жасап.


Өзбекстан Мұсылмандар басқармасына қарасты пәтуа орталығы ChatGPT сынды жасанды интеллект құралдарының дінге қатысты сұрақтарға жауап беруін құптамайтынын мәлімдеді. Ведомство өкілдері ChatGPT кейбір салаларда пайдалы болғанымен, діни білім беру оның құзыретіне кірмейтінін алға тартады.

Дін өкілдерінің айтуынша, ChatGPT кейбір салаларда адамдарға шын мәнінде пайда әкеліп жатқанымен, дінге қатысты сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, себебі ол адам тарапынан жасалған өнім.

Пәтуа орталығының мәліметінше, кей жағдайларда жасанды интеллект шариғатқа қатысты сұрақтарға болжаммен жауап беріп, араб тіліндегі кітаптардан дәйексөз келтіргендей көрінеді. Бірақ тексеріс кезінде ондай деректердің шындыққа жанаспайтыны анықталған.

Діни сауалдарға тек шариғатты жетік меңгерген ғалымдар мен мамандар жауап беруі тиіс. Мұсылман адам алған білімінің қайдан және кімнен келгенін нақты білуі қажет, - делінген орталықтың ресми мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін ChatGPT әлемдегі ең көп қаралатын сайттар тізіміне енген болатын. Сонымен қатар ауруды анықтайтын жасанды интеллект қаламы пайда болғаны хабарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы