17 Қазан 2026, 21:02
Фото: istockphoto.com
Мүфтият 2027 жылға арналған діни күндер кестесін жариялады
Құрбан айт мерекесі 16-18 мамыр аралығында аталып өтеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2027 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті.
Жарияланған күнтізбеге сәйкес, 2027 жылы Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Ал Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді.
Құрбан айт мерекесі 16-18 мамыр аралығында аталып өтеді.
ҚМДБ мәліметінше, хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректері негізінде есептелген. Дегенмен діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.