3 Қазан 2020 2020, 15:47

MTV арнасында Димаштың қазақ тіліндегі клипі көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. MTV USA арнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны көрсетілді.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. MTV USA арнасында Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі бейнебаяны көрсетілді.

Осылайша Димаш – MTV арнасынан қазақ тілінде ән салған тұңғыш әнші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Телеарнада және арнаның YouTube-тегі ресми парақшасында «MTV’s Friday Livestream» бағдарламасында Димаштың «Qairan Elim» әнінің бейнебаяны көрсетілді. 

Димаштың MTV-дегі тұсаукесерін Dimash USA fan Club жанкүйерлерінің Instagram парақшасынан тамашалауға болады.