МСҚ: Жыл басынан бері 646 мыңнан астам өтініш түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 11 айында әртүрлі кері байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына халықтан 646 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Ең белсенді Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындары болды, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының баспасөз қызметі.

Өтініш білдіру себептері: МӘМС мәртебесін алу, дәрілік заттардың болмауы, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күту, емханалар мен стационарларда медициналық көмек көрсету сапасы, медициналық ұйымдар қызметкерлерінің дәрігерлік этика мен деонтологияның сақталмауы, емдеуге жатқызудан бас тарту және т.б. 

Өтініштердің басым бөлігі немесе 618 мыңы консультациялық сипатқа ие, 7314-і – шағым, 2816-ы – медициналық ұйымдар мен дәрігерлерге алғыс, 229-ы – жұмыс сапасын арттыру бойынша ұсыныстар. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кері байланыс арналары арасында жасырын көшбасшы ұстанымын 1406 байланыс орталығы иеленді. Байланыс орталығы жыл басынан бері 563 мыңнан астам қоңырау қабылдады. Әсіресе жаз кезеңінде операторлардың жүктемесі шамадан тыс көп болды. Сонымен қатар, абоненттердің сұрақтары эпидемиологиялық жағдайда медициналық көмек алуға ғана қатысты емес, азық-түлік сатып алуға қаражаттың жоқтығына, жеке өміріндегі мәселелерге шағымданған жағдайлар болды. 

Бұдан әрі Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жыл басынан бері азаматтардан 72 мыңнан астам месседж тіркелген. @SaqtandyryBot телеграмм-бот арқылы 2489 өтініш келіп түсті.

Медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша Қордың Нұр-Сұлтан қаласындағы байланыс орталығында (1406) 2020 жылғы 1 қаңтар мен 1 желтоқсан аралығында 96 884 өтініш тіркелген. Шағымдардың 70%-ға жуығы карантин кезінде келіп түсті және күн сайын келіп түсуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы