МСҚ-ның 2021 жылғы қызметінің негізгі бағыттары қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров филиалдың онлайн форматта өткен брифингі барысында  қордың 2021 жылғы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. 

Қордың негізгі бағыттарының бірі – алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басым бағыттарын дамыту, жақын жерден көмек алу қолжетімділігі, скрининг бағдарламалары болып отыр. Сонымен қатар, тұрғындарға ауруды басқару бағдарламалары туралы ақпараттандыру, мейіргер ісі мен патронаж қызметін дамыту, емдеу-диагностикалау кезеңін ұйымдастыруда мейіргер ісін жандандыру, ауылдық жердегі денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау көрсету (МӘМС жүйесінде қаржыландыруды арттыру), ПМК қамту мәселесі де қарастырылған, - деді ол.

Филиал басшысы «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында жоғары технологиялық медициналық көмек шараларын қаржыландыруды арттыруға да баса назар аударылып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, қашықтан медициналық көмек алу қызметін дамыту, «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ерекше күтімді қажет ететін балаларды медициналық оңалту шараларын қолдау, балалар денсаулығын қорғау, неонатальды скринингті қаржыландыру және психикалық-физикалық дамыту арқылы  сырқат белгілерін ерте анықтау және оның дамуына жол бермеу,  мектептегі медицинаны одан әрі дамыту, мамандандырылған медициналық көмек пен жоғарытехнологиялық  диагностикалық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, академиялық медицинаны дамыту жағы да қолға алынбақ, - деді ол.

Оның айтуынша, барлық бастамалар қаржы жағынан қамтамасыз етілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы