13 Қазан 2026, 04:27
Фото: istockphoto.com
Мотоциклшінің өліміне әкелген апат: Жылқы иесі жауапқа тартылды
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Павлодар облысында мотоцикл мінген 18 жастағы жігіт атпен соқтығысып, қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы 10 қазанға қараған түні Ольгинка ауылына кіреберісте болған. Бұл туралы Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына шақырту сағат 23:20-да түскен. Дәрігерлер оқиға орнына тоғыз минуттан кейін жеткенімен, жас жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Павлодар облысының полиция департаменті «Ольгинка – Ямышево» автожолында Sycmcc маркалы мотоциклдің қатысуымен болған апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
Сондай-ақ жылқы иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.