Бүгiн 2026, 16:49 Фото: depositphotos.com

"Мотоциклмен серуендетемін": СҚО-да 13 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

1 шілде күні сағат 18:00 шамасында 13 жасар қыз дүкеннен шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр қылмыс тіркелді.

1 шілде күні сағат 18:00 шамасында 13 жасар қыз дүкеннен шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Тергеу дерегінше, 40 жастағы ер адам қызды алдап, мотоциклмен серуендеуге шақырып, ауылдан алып кеткен. Кейін қызды ұстап, оған қатысты заңсыз әрекет жасаған.

Оқушы қызды іздеу түн бойы жалғасты. Тек таңғы сағат 5:00 шамасында ғана оны ауыл сыртынан тапқан.

Қазіргі уақытта күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу СҚО Полиция департаментінің басшылығы бақылауына алды, - деп хабарлады СҚО Полиция департаменті.

Жасалған қылмыстың ауырлығы ескеріле отырып, күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.