Қостанай облысындағы моноқалаларды дамытуға 10 млрд теңге беріледі

Қостанай, BAQ.KZ. Аймақтарда ​«Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтылған Елбасының тапсырмасын орындауға кірісіп кетті. 

Партияның Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Арқалық, Лисаковск, Рудный және Жітіқара қалалары Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қаржыландырылатындығы айтылды. Сонымен, ағымдағы жылы Лисаковск пен Рудныйдағы​ жылу және магистрал торабын қайта құруға 500 млн. теңге бөлінеді.

"Жыл сайын әр моноқалаға 10 млрд теңге – бұл барынша қомақты сома. Тек бұл ақшалардың қаншалықты тиімді жұмсалатындығы мен олардың жаңа кәсіпорындар құрылысы, жаңа жұмыс орындарын ашу түріндегі бизнес-жобаларды қаржыландыру түрінде халыққа дейін нақты жететіндігі биліктің жергілікті атқарушы органдарына ғана байланысты болады", – деп атап өтті «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлмира Қапенова.

Қоғамдық Кеңес мүшелері сондай-ақ, мемлекет көрсетіп отырған әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар туралы сөз қозғады.

Партиялықтар әлеуметтік көмек көрсету бойынша критерийлердің өзгеруіне байланысты, бір ғана Қостанай облысының өзінде әлеуметтік көмекке 20​ 000-нан астам адам қол жеткізетіндігін алға тартты. Орта есеппен аймақта айына бір балаға көмек мөлшері ​ ​ 4 706 теңгеден ​ ​ 20 789 теңгеге дейін немесе 4,4 есеге дейін ұлғаяды. Одан басқа, денсаулық сақтау саласында айтарлықтай ілгерілеулер де жоспарланып отыр. 15 мыңнан астам медицина саласының қызметкерлерінің жалақылары артатын болады. ​

"Біздің облыста 2022 жылға дейін поликлиникаларды қаржыландыруды 12,7 млрд теңгеден 25 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл медициналық көмек көрсету сапасын арттырып, күндізгі стационарлар мен диагностикалаудың жұмысын жақсарта түседі", ​ – деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі ​ ​Вячеслав Дудник.

Жалпы партиялықтар барлық аймақтарда ​ «Nur Otan» партиясының XVIII съезі қойылған мәселелердің өзгешелігі де, ауқымы да бойынша тарихи сипатқа ие болды деген пікірге тоғысады. Аймақтарда қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді​ түрде білек түре кірісіп кетті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы