Мониторингтік топтар рейд жұмыстарын жүргізуде – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс.
Риддер қаласында 17 мамыр күні 5 рейд жүргізіліп, мониторингтік топтар 73 кәсіпкерлік нысанды аралады. Рейдтік іс-шаралар барысында шектеу шараларын бұзғандар анықталған жоқ. Бұған дейін анықталған құқық бұзушылықтарға қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 131 265 теңге сомасына 3 айыппұл салды.
Алтай ауданында 138 объектіде, Күршім ауданында 27, Шемонаиха ауданында 74, Бесқарағай ауданында 19 нысанда тексеру жүргізілді. Аталған аудандардан да санитарлық нормаларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сондай-ақ рейдтер Курчатов қаласында, Абай, Ұлан, Аягөз, Зайсан, Глубокое және Жарма аудандарында өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда бір күнде екі үй өртенді
Өзгелердің жаңалығы