Моңғолияның премьер-министрі отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Монғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх жаңа босанған әйелдің коронавируспен ауырғанына қатысты дау-дамайға байланысты отставкаға кетті.
Моңғолия премьер-министрінің орынбасары Янгу Содбаатар мен денсаулық сақтау министрі Тогтмол Мөнхсайхан да осы наразылыққа байланысты жұмыстан кетті.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлан-Батырда босанған әйелдің короновирус жұқтырғаны жайлы жазылған болатын. Ол жаңа туылған баласымен бірге COVID-19 науқастарына арналған ауруханаға жылы киім және аяқ киімсіз жеткізілгені туралы хабарланды. Бұл оқиға халыққа резонанс әкелді, олар қала көшелеріне шығып, өз қарсылықтарын көрсетті.
Нәтижесінде премьер-министр Моңғолияның бүкіл үкіметін отставкаға жіберуді ұсынды.