15 Қараша 2022 2022, 11:40 Фото: Kaznews

Моңғолиялық кәсіпкер қазақ келіншек әлемдік IWEC-2022 сыйлығына ие болды

Испанияның Мадрид қаласында 15-ші IWEC (Тhe International Women’s Entrepreneurial Challenge Foundation) Әйелдер кәсіпкерлігі жөнінде конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Испанияның Мадрид қаласында 15-ші IWEC (Тhe International Women’s Entrepreneurial Challenge Foundation) Әйелдер кәсіпкерлігі жөнінде конференциясы өтіп жатыр,  деп хабарлайды BAQ.KZ KAZNEWS-ке сілтеме жасап.

Конференцияға әлемнің 50 елінен 150 ге жуық кәсіпкер әйелдер қатысуда. Аталмыш шараға Баян-Өлгий аймағынан «Паккале» компаниясының директоры Айнагүл Айыпханқызы, “Best” сауда орталығының директоры Лашын,  «Баян-Медиана» компаниясының директоры Риза Мизанбайқызы қатарлы кәсіпкерлер қатысуда. 

Бұл конференция аясында “2022 IWEC” сыйлығымен Айнагүл Айыпханқызы марапатталды.