Моңғолиялық спортшы Паралимпиада рекордын жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында пауэрлифтингтен Моңғолия спортшысы рекорд орнатты.

Пауэрлифтинг бойынша Токио 2020 XVI жазғы Паралимпиада чемпионатында 107 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен моңғолиялық спортшы Энхбаярын Содномпилжээ 245 кг көтеріп, жаңа паралимпиадалық рекорд орнатты.

Энхбаярын Содномпилжээ Паралимпиада ойындарының екі дүркін қола медаль иегері, әлем рекордшысы. Ол 2016 жазғы Паралимпиада ойындарында Моңғолияның атынан шығып, 88 кг дейінгі ерлер санатында қола медаль жеңіп алған.

Ол сондай-ақ 2019 жылы Қазақстанда өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ерлер арасында 107 кг салмақ дәрежесінде 247 кг көтеруде Гиннестің әлемдік рекордын орнатты.

Айта кетейік, Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында қазақстандық спортшы Ержан Сәлімгереев финалға шықты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы