Моңғолияда жасалған смартфон қыркүйекте сатылымға шығады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның жас IT-инженерлері «ХУЛАН» деп аталатын жаңа ұялы телефон жасап, оны ұлттық брендке айналдыруды көздеп отыр, деп хабарлады montsame.mn.
Әзірлеушілердің айтуынша, бұл смартфонда Android жүйесінің соңғы нұсқасы бар және оның тұсаукесері осы жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Сонымен қатар, оның бөлшектерінің 20 пайызы Моңғолияда өндіріледі.
«Хуланның» техникалық сипаттамалары:
Нұсқа: Ehlel_Hulan_21
Процессор: Qualcomm
Операциялық жүйе: Android 11
Жұмыс жады: 8Гбт
Кіріктірілген жад: 128 Гб-512 ГБ
Өлшемі: 142.7х65.1х7.0мм
Барлығы: 152 гр.
Желі: 5G
Батарея: Li-Po 4000 mAh
Қол жетімді түстер: қара, сұр, жасыл және көк.
Бағасы (ішкі жадқа байланысты) 699 мың тугриктен 899 мыңға дейін. Теңгеге шаққанда шамамен 103 мыңды құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрақтылық бағытына таңдау жасалды – саясаттанушы
Өзгелердің жаңалығы