Моңғолияда шілдеде қар жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында бұршақ пен қар жауды.

Бұл туралы Kaznews порталы жазды.

14 шілдеде Баян-Өлгий аймағындағы Цагааннуур қаласында бұршақ жауып, Алтанцөгц ауылындағы Сайхан Девсег жайлауына қар түсті, – деп жазады басылым.

Сонымен қатар Моңғолияның орталығындағы Арханғай аймағында да табиғат тосын мінез көрсетіп, шіліңгір шілдеде қар жауды. Шілдедегі қарды көрген моңғол жұрты "Той өтті, күз келді" дейтін қанатты сөздерін естеріне алысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы