Моңғолия бірінші мамырда әуе шекарасын ашпақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия әуе рейстерін жандандырмақ, алайда ұшуға және елге кіруге тек вакцина алған адамдарға рұқсат беріледі. Бұл туралы centralasia.media жазды.
Кеше министрлер кабинеті елдегі эпидахуалға байланысты төтенше жағдай шараларын сарыдан қызылға өткізу бойынша кеңес өткізді. Елде 10-25 сәуір аралығында шектеу шаралары күшейеді деп күтілуде.
Дегенмен әуе шекараларын ашып, рейстерге рұқсат беру жөнінде де шешім шығарылды. Елдің премьер-министрі Л. Оюун-Эрдэнэ 1 мамырдан рейстерді жандандыру қажеттігін атап өтті.
Вакцина алған азаматтарға ұшуға және елге қонуға рұқсат беру қажет. Мұның экономикалық тиімділігімен қатар Хөшгийн хөндий аймағында жаңа халықаралық әуежайдың ашылуына септігін тигізеді, - деді ол.
Оның айтуынша, мақсатты топтың бірінші маусымға дейін вакцинациялануы әлем үшін жақсы бастамаларға негіз болады. Туристік сала жанданады. Сондықтан елге саяхаттап келушілерге тиісті жағдай жасалуы керек. Осы орайда Наадам фестиваліне дейін әуежайды ашу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда мешіттерінде Тарауих намазы оқылмайды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы